"Тұңғыш Президент күні" сабақтары » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қараша
2021

"Тұңғыш Президент күні" сабақтары

     Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылармен Тұңғыш Президент күніне орай  ашық сынып сағаттары ұйымдастырылды. 
    Жас ұрпаққа Елбасымыздың сан қырлы талант иесі, халқы үшін аянбай қызмет еткен құзіретті тұлға екенін таныту, түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған сабақтарға оқушылар белсене қатысты.
     Сонымен бірге кітап көрмесі ұйымдастырылып, кемеңгер басшының еңбектері қойылды. Сабақ барысында Елбасымыздың не оқитынын жəне қалай оқитынын жеткізіп, оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын кеңейте түстік деуге болады. Оқушылар Қазақстанның жеткен жетістіктерін, жасампаздықтың жаңа межесін атап өтті.