Қалалық семинар-практикум » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
қаңтар
2022

Қалалық семинар-практикум

     26.01.2022 ж. жаратылыстану пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Қабілеті төмен оқушылармен жүргізілетін тиімді жұмыс түрлері»  тақырыбында ZOOM платформасында қалалық семинар-практикум өтті. Мақсаты оқушының жеке интеллектуалдық  қасиеттерін жетілдіру, өз бетінше шешім қабылдауға, зерттей білуге үйрету. Мектебіміздің химия, биология, география пәндерінің мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың барысында бірлестік жетекшісі Боранбаева Ж.К. мұғалімдермен тренинг өткізіп әр түрлі әдістермен қызықты сұрақтар қойылды.   Қатысқан қала мектептерінің ұстаздары және білім бөлімінің әдіскері Капчикова Н.Т. талқыланған мәселелерді жоғары бағалап, ой-пікірлерін айтты.