14 наурыз - Көрісу мейрамы. Осыған орай мектебімізде Наурыз мейрамының басы Көрісу мерекесі атап өтілді. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көршілермен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады.