8 наурыз » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
наурыз
2019

8 наурыз

«Ана - сен өмірімнің мәнісің» мектепшілік апталық өткізілді

Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл күні әлемдегі барлық әйел адам гүлдей жарқырап, бір-біріне ең жылы және шынайы тілектерін білдіреді. Осы мерекеге орай «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде» наурыздың

4 мен 7 аралығында «Ана-сен өмірімнің мәнісің» атты мектепішілік апталық өтті.

Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында «Ана деген тіршілік тірегі», «Өмір сыйлаған Ана» атты тақырыптарда сурет және кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қыздардың шығармашылық қабілетін ояту барысында Инабат қыздар кеңесінің ұйымдастыруымен 6, 7, 8 сынып қыздарына «Қолөнерден сыр ұққан шебер қыздар» атты шеберлік сабақ өтті.

Апталықтың қорытынды шарасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концертпен жалғасты. 5 сынып ұстаздары мен оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілген шарада оқушылар ұстаздарға, ата-аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Көктемнің алғашқы күндерінде өткен мерекелік шаралар көңілімізге қуаныш сыйлап, жүзімізге нұр шашсын!

 


8 наурыз

 

8 наурыз

 

8 наурыз