22
сәуір
2022
"Ахмет Байтұрсынұлының сырлы әлемі" кездесу
Бүгін мектебімізде "Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Ахмет Байтұрсынұлының сырлы әлемі" атты Шығыстың танымал ақындарымен сыр-сұхбат әдеби сазды кездесу өтті.
Мақсаты: Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай өлкеміздегі ақын – жазушыларымыздың өрнегі мол жырларын жас ұрпаққа насихаттап, жастарға патриоттық рух беріп, ақын өлеңдері арқылы сөз өнерінің құдіретін түсіне отырып, Ахмет Байтұрсынұлының көркем әлеміне бойлау.
Кездесуге танымал ақындар, Қазақстан Республикасының жазушылар және журналистер одағының мүшесі Ә.Қ.Қаңтарбаев, ақын, ұлағатты ұстаз Б.М.Раисова, жас ақын, тілші Оразай Жеңісұлы қатысты. Сонымен қатар қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Скакова Зульфира Сатыбалдықызы құттықтау сөз сөйледі. Сыр-cұхбат аясында ақындардың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнежазба көрсетіліп, ақындар поэзиясы туралы пікірлер айтылып, оқушылар ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды, және де әдеби шарада оқушылар кездесу иелерінің өлеңдерін тыңдады.Сыр-сұхбат сазды кездесудің қонақтары тағылымды әңгімелерімен Ахмет Байтұрсынұлының көркем әлеміне бойлап, жауқар жырларымен оқушыларды тәнті еткен, ерекше сезім мен сырға толы сазды кездесу болды.