Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған конференция » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сәуір
2022

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған конференция

    Бүгін Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ұйымдастырған  ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің бәйтерегі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
      Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – А.Байтұрсынұлының ақыл сөзін, асыл ойларын санамызға сіңіру, өсиеттеріне сай еңбек етіп, өнегелі өмірін жастарға үлгі етіп ұсынып, кемеңгерлік, даналық пікірлерін қазақ ұлттық педагогикасының сарқылмас қазынасына айналғандығын көрсету. Бұл конференцияға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі Касенова Мафура Тоқанқызы "А.Байтұрсынұлының тіл туралы тағылымды ойлары" атты баяндамасын ұсынып, Алаш саяси элитасының рухани көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының артына қалған мол мұрасымен ұлтына, еліне, өзіне мәңгілік ескерткіш орнатқанын атап, тіл туралы тағылымды ойларымен ой бөлісті.