03
наурыз
2018
Астананың 20 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған шаралар
Оқушылардың Астана қаласы туралы білімдерін кеңейту, Елордамыздың тарихи- мәдени орындарымен таныстыра отырып, туған елді, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 9 ақпан күні 7-8 сынып оқушыларымен Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай «Айбыны асқақ – Астана!» атты шара өткізілді. Ұйымдастырылған шараның барысында оқушыларға елордамыз туралы тарихи бейнефильм көрсетіліп, 7 «В» сынып оқушысы Нурмухамбет Ғибрат пен 8 «Б» сынып оқушысы Нурланова Амина «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» тақырыбында баяндамалар оқыды. Оқушылар атқарылған жұмыстарға белсене қатысып, Астана қаласы туралы жаңа мәліметтер алды.