Тақырыбы: «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
қыркүйек
2022

Тақырыбы: «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы»

   2022 – 2023 оқу жылының басталуына орай Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде  14-15 қыркүйек күндері мектепішілік ата - аналар жиналысы ұйымдастырылды.
   Қоғамда ата-ана мәдениетін қалыптастыру, олардың белсенділігін арттыру, бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, отбасы құндылықтарын насихаттау, бала құқығы, білімі, денсаулығы, қауіпсіздігі, т.б. өзекті мәселелерді талқылап, мемлекеттік бастамаларды қолдау және жүзеге асыру мақсатында өткізілген жиналысқа төмендегідей мамандар шақырылды.
1. Өскемен қаласы прократурасының бөлімі прокурор: А.Канагатова 
2. Өскемен қ ПБ Үлбі ПБ ЖПКБ ЮПТ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант: А.Ахметбекова 
3. Өскемен қаласы әкімдігінің "Оқушылар шығармашылығының сарайы" КМҚҚ әлеуметтік-психологиялық қызметінің маманы педагог-психолог: Г.Нурханова 
4. «Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі туралы» №1 емхана дәрігері Д.Калиолданова.  Сонымен қатар педагог – психолог: М.Серикбаева балаға психологиялық қолдау көрсету, география пәнінің мұғалімі К.Абзелеева «Менің таңдауым – TAZA KALA!»,  мектеп кітапханашысы: Қ.Камалиева «Оқуға құштар мектеп» жобасы, тәрбие ісінің орынбасары А.Имангалиева «Бала өмірінің қауіпсіздігі» тақырыбында әңгіме жүргізді. Мектеп директоры Б.Садыков жиналыс соңында ата -аналардың сұрақтарына жауап берді.