Республикалық ата - аналар конференциясы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қыркүйек
2018

Республикалық ата - аналар конференциясы

Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде «XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 8 қыркүйек күні

бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына, 9 қыркүйек күні 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психологиялық көмек беру Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.

Конференцияның модераторы - мектеп директоры ашып ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтап, конференцияның маңыздылығын атап көрсетті. Базарбек Омаргалиевич Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатын тыңдауды ұсынды. Келесі кезекте Отбасы тәрбиелеу институтының директоры Евдокимова София Львовнаның «Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» 1 және 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына үндеу бейне ролик арқылы тыңдалынды.

Конференция барысында ШҚМУдың аға оқытушысы Қалимолдина Жанетта Амангельдиновна бала өміріндегі ҰБТ-ның маңыздылығын баса көрсетіп, ата-аналардың ҰБТ-ға дайындауда ата-аналардың жауапкершілігі жайлы сөз қозғады. Келесі сөз кезегін «Отбасын және балалықты қолдау» орталығының маманы Жақсыбаева Гүлжаз Арғынбекқызы 11 – сынып оқушылары ҰБТ алдында, емтихан алдында қандайда бір күйзеліске тап болған сәтте, мектеп психологтарына немесе «Отбасы және балалықты қолдау орталығының» мамандарға жүгінуге болатыны жайлы ақпарат берді. Жиналыс модераторы сөз кезегін мектеп психологы Серикбаева Маржан Нугымановнаға ұсынды. Маржан Нугымановна ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру барысында жасөспірімге ата-ананың психологиялық көмегі, кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы жайлы ақпарат берді. Осы тақырыптар төңірегінде пікірлесіп, сұрақтарға жауап берілді. Мектептің педагог-психологы Айман Есимбековна жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар және жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын - алу шаралары жайында ақпарат берді. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу, әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті екенін атап көрсетті. Конференция барысында қатысушы ата-аналар тәжірибемен бөлісіп, сұрақтарға жауап берілді.

Семинар соңында ата-аналар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

 

 

Похожие публикации:

20 қаңтар 2018 Семинар
14 желтоқсан 2017 ата- аналар жиналысы