"Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының есебі
"Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "А.Байтұрсынов атындағы№20 орта мектебі" КММ
«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының қорытындысы
«Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана дербес
ел бола алатынын біз ұмытпауымыз керек»
А.Байтұрсынұлы
Мектебімізде «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы 03-07 қазан аралығында өтті. Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру,Мәңгілік Елдің елжанды ұрпағын қалыптастыру. Күтілтін нәтиже: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар саны артады,ойын еркін жеткізе алатын елжанды ұрпақ қалыптасады. Апталыққа арналған жоспар бекітіліп, 3 қазан күні бейне-таныстырылым көрсетіліп,сондай-ақ 5-сыныптармен «Мақал-сөздің мәйегі» атты зияткерлік ойынмен апталықтың шымылдығы ашылды. 5-«Г»сыныбында қазақ тілінен «Әшекей бұйымдар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді,пән мұғалімі-Камалиева Қ.Қ.Апталық шеңберінде 9,10-сыныптармен «Менің сүйікті шығармам»атты ғажайыптар алаңы ұйымдастырылды, пән мұғалімі- Камалиева Қ.Қ. Апталықтың үшінші күні 5-«А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Ұлт талғамы»атты ашық сабақ өтті, пән мұғалімі-Сапаргалиева Н.Қ. Сонымен қатар бұл күні 11-«Б»сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен О.Бөкейдің «Атау кере» шығармасы бойынша сабақ өткізілді,пән мұғалімі- Кокебаева.Ж.С. 7-«Б» сыныбында қазақ тілінен «Төрт түлік» атты ашық сабақ өтті,пән мұғалімі-Туякбаева Б.С. Апталықтың төртінші күні 6-«Б»сыныбында қазақ тілі пәнінен «Әбу-Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы» атты ашық сабақ өтті,пән мұғалімі- Г.М.Маметкалиева. Апталықтың қорытынды шарасы Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. Бұл шараны пән мұғалімі М.Т.Касенова ұйымдастырды. Мұғалімдер арасында ұйымдастырылған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты "Ахметтану білгірлері" брейн-ринг интеллектуалдық ойынының мақсаты: А.Байтұрсынұлының шетсіз-шексіз бай мұрасын дәріптеу. Ұстаздар ойынның әсерлі де, қызықты өтуіне ат салысты. Ойын қорытындысында Жаратылыстану және тарих пәндері бірлестігінің «Ахмет ізбасарлары» тобы ойынның шарты бойынша жеңімаз атанса,ұпай сандарымен қалған пән бірлестіктері де жүлделі орындарды иеленіп, мадақтамалармен марапатталды. Апталыққа 5-11 сынып оқушылары, тіл пәндерінің мұғалімдері, сынып жетекшілері белсенді қатысты. Бейне -роликтер апта көлемінде оқушыларға көрсетіліп тұрды. Қорыта айтқанда,күн сайын қызықты танымдық іс-шаралар өткізіліп,оқушылар бойына «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға»екенін сіңіре алдық деп ойлаймыз. Апталықта жоспарланған ашық сабақтар мен іс-шаралардың бәрі өз уақытында,өз деңгейінде өтті.
Бірлестік жетекшісі:М.Т.Касенова




