"Толағай" отбасылық спорттық сайысы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
желтоқсан
2022

"Толағай" отбасылық спорттық сайысы

     Салауатты өмір салтын қалыптастыру әр отбасынан басталып, білім беру ошағында жалғасын табуы тиіс. Осы ретте білім ошағында ұйымдастырылатын оқушылардың ата-аналарымен өткізілетін сайыс – жарыстардың маңыздылығы ерекше. Бұл ата-ана мен баланың арасындағы, мектеп пен ата-ана арасындағы бірлікті бекіте түседі. Осы орайда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кеңінен тарату мақсатында мектебімізде «Толағай» отбасылар сайысы өткізілді. Спорттық сайысқа 3-  сынып оқушылары ата-аналарымен қатысып ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсете білді. Өте қызықты, әрі тартысты ұйымдастырылған жарыс қатысушылар мен жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.