"1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС(СПИД)-ке қарсы күрес күні" » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
қараша
2021

"1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС(СПИД)-ке қарсы күрес күні"

     Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  10 "А", "Б" сынып оқушыларымен «Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесінің маманы Мухтарова Жанар Аскаркызы "АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу" тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара кезінде бейнефильм көрсетіліп, талданды. Оқушылар АИТВ-нің таралау жолдарын талқылап, өз ойларын жеткізді.





     21 ғасырда АИТВ-инфекциясы нағыз обаға, шапқыншылыққа айналды, онымен күресу өте қиын. Бұл ауру тек ересектерге ғана емес, сонымен қатар жас балаларға, жүкті әйелдерге, жастарға және қарт адамдарға да жұғады. АИТВ – инфекциясының алдында барлық адамдар тең және бұл ауруды әрқайсымыз жұқтыра аламыз. Сондықтан да АИТВ-ның, ЖИТС-тың алдын алу тақырыбы бүгінгі күні отбасыларда да, мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде де айтулы тиіс, ең өзекті тақырып болып табылады.
     19.11.2021 жылы "Шығыс" профилактикалық медицина орталығының мамандары Өскемен қ. А. Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектептің 8 сынып оқушылары арасында "Денсаулық-бақытты болашақтың кепілі!"(АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша) атты сурет байқауын өткізді, онда 8-сынып оқушылары түрлі-түсті, қызықты суреттер салды, ақ қағаз парағында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша өз білімдерін көрсетті, есірткі заттарын қолданудың салдары қандай, егер адам АИТВ/ЖИТС-пен ауырса (теріс немесе түсіністікпен қараса) қоғамда қандай қарым-қатынас болуы мүмкін және олар салауатты өмір салтын таңдайтынын көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі қатысушыларды марапаттады: бірінші орынды 8 "Г" сынып оқушысы Нурланқызы Мадина, екінші орынды 8 "А" сынып оқушысы Сағидоллақызы Камилла иеленді. Қалған конкурс қатысушыларға "белсенді қатысқаны үшін" белгісі бар мадақтама қағазы табыс етілді.