05
желтоқсан
2022
“Әдістемелік-білім қоржыны” атты шеберлік-сынып
Ағылшын тілі апталығы аясында педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші санатындағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Фариза Қуанышбекқызы мектеп ұстаздарына “Әдістемелік-білім қоржыны” атты шеберлік-сынып өткізді. Фариза Қуанышбекқызы тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне деген сенімін нығайтатынын, табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын арттыратынын түсіндіре отырып, өзінің сабақтарында қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді, ресурстарды көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің ұстаздары алған әсерлерімен бөлісіп, шеберлік-сыныпты жоғары деңгейде бағалап, тілектерін арнады.




