19
мамыр
2023
Оқушылардың жазғы орналасуы
"Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі" КММ. Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, денінің саулығын арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерін ұйымдарының ауысымдары ашылады. Мектеп жанындағы демалыс лагері – белсенді демалыс аймағы, насихаттық, дидактикалық, сөздік мектеп әрекетінен өзгеше әртүрлі қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізу орны. Қала сыртындағы лагерь орындарының негізгі міндеттері – балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге, олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталады.





