29
қыркүйек
2023
"Аяулы әже. Ардақты ана. Ару қыз." қыздар кеңесінің іс - шарасы
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
"Қыз өссе-елдің көркі" деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам...
Әлемде қыз баланы құрметтеп, қарындасты қадірлеп, әпкені аялап, анаға бас иіп, жалпы әйел затын ардақтайтын бірден-бір ел-қазақ елі. Қыздарымыз да өз кезегінде саналы білімімен, тәлімді тәрбиесімен, ержүрек батылдығымен, данышпан даналығымен ел игілігіне үлес қоса білді.
Мектебімізде "Инабат" қыздар ұйымының ұйымдастыруымен өткен "Аяулы әже. Ардақты ана. Ару қыз" атты қыздар арасындағы зияткерлік ойын осы үрдістің сабақтастықты болғандай. 9-11 сынып қыздары 3 кезеңдік ойыннан мүдірмей өтіп, білімдерімен көзге түсті. Құрметті қонағымыз болған ұстаздардың ұстазы, аяулы әже, мектебіміз үшін есімі зор мақтаныш Шолпан Жиенбайқызының ақ батасы мен өнегелі әңгімесі сайыскерлеріміз бен көрермендерімізді қанаттандырып жібергендей. Ұлағатты ананың ізгі жолын жалғайтын саналы ұрпақтың сабақтастығы үзілмегей!