Мектеп Парламенті Президенті мен белсенділерін ұлықтау рәсімі » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
қазан
2023

Мектеп Парламенті Президенті мен белсенділерін ұлықтау рәсімі

     Мектеп Парламенті - оқушылардың өкілетті ұйымы ретінде мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға, мектеп өміріндегі мәдени іс-шаралар мен ағымдағы болып жатқан істерді шешуге белсене араласады.
    Осы орайда 2 қазан күні мектеп Парламентінің Президенті мен мүшелерін ұлықтау рәсімі өтті. Олар мектеп өмірінің жақсаруына үлес қосуда зор белсенділік көрсететіндеріне уәде беріп, өз міндеттерін мүлтіксіз орындауға Ант қабылдады. Іске сәт! Барлық мақсатты жоспарлар жүзеге ассын!