Кездесу-сұхбат » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
сәуір
2023

Кездесу-сұхбат

   10 сәуір күні мектебіміздің 10 сынып оқушылары облысьық балалар және жасөспірімдер кітапханасының «Әлем ғылымдар тілінде» атты ғылым апталығының аясында  ұйымдастырылған С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің  ректоры, профессор, заң ғылымдарының кандидаты, философия ғылымдарының докторы (PhD), ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі, Азия университеттері қауымдастығының вице-президенті Төлеген Мұхтар Әділбекұлымен «Университет ғылымы: болашаққа көзқарас» тақырыбында кездесу-сұхбат өтті. Кездесуде оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Олар мектеп бітірген соң ШҚУ-ға қандай талаптар бойынша ақысыз оқу мүмкіндіктері жайлы сұрақтар қойды. Оқушыларға университет қабырғасында жаңадан ашылып жатқан зертханалардың жұмысы жайлы және атаулы стипендиялар жайында да («Жұмаш Уәлиевтің атаулы стипендиясы», «Ғылым граниті», «Жас талап», «Жыл зерттеушісі», т.б. ) ақпарат берілді.  
    Шара барысында мектеп оқушыларына университет ұжымы тарапынан арнайы қойылған ғылыми сұрақтарға оқушылар нақты жауап берді. Сонымен қатар, оқушыларға ғылыммен айналысуына бағыт-бағдар беретін мұндай іс-шаралар алдағы уақытта университет ұжымымен бірлесе жалғасын таба бермек.