18
қазан
2023
Педагогикалық консилиум
18 қазан күні "А.Байтұрсынов атындағы номері 20 орта мектебінде" 1-ші және 5-ші сынып оқушыларының бейімделуіне байланысты сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, психолог, оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен педагогикалық консилиум өтті.
Мақсаты: 1-ші сынып оқушыларының мектеп қабырғасына бейімделуі,5-ші сынып оқушыларының бастауыш сыныптан орта буынға бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында оқушылар ұжымында педагогикалық жағдай туғызу.
Мектеп психологы тарапынан оқушылардың мотивация деңгейін, зейінін зерттеу жұмыстары жүргізіп, қорытындысы ортаға салды. Сынып жетекшілері оқушыларына жан-жақты мінездеме бере отырып,сабақ үлгерімі, тәртібі мен қабілеттері жайлы пікір алмасты.
