24
қараша
2023
«Әже мектебі» жиыны
Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмысы жалғасын табуда. Аяулы әжелер мен ардақты аналардың арасындағы әңгіме дөңгелек үстел басында өрбіді. Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды қолдану маңыздылығы мен ерекшелігі туралы келелі мәселелер көтеріліп, ой-пікірлер ортаға салынды. Мектеп ұжымының игі бастамасына алғыс білдірген әжелер ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды. Жас аналарға үлгі боларлық өмірлік тәжірибелерін тілге тиек ете отырып, мысалдар келтіре баяндап берді.
Аталар сөзімен өсіп өнген,
Бабалар бұлағынан нәр алған,
Даналар өсиетінен тәрбие алған,
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен ұрпақ көргіміз келсе, балаларымызға да, өзіміз де кітап оқиық деген оңды пікірлерімен түйінді ой айтты. Барлық әжелер мен аналарға алғыс білдіреміз!