"Ашық есік"күні » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қараша
2023

"Ашық есік"күні

   Мектеп – ата-ана – ұстаз. Бұл үшеуінің де бала өмірінде, маңызы зор, тұлғаны тәрбиелеуде қоғамда алатын орындары ерекше. Ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолдарын тоғыстырған «үш тұғырдың» ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты жақсартумен қатар, өзіндік көзқарастарын да дамытары сөзсіз.
  Адам бойындағы асыл қасиеттер отбасында қалыптасып, дамитындығы әу бастан-ақ белгілі. Ал мектеп пен ұстаздың осы қалыптасқан ізгі қасиеттерді ата-анамен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқылы беретіні ақиқат. 
Мектебімізде ұйымдастырылған «Ашық есік» күні жетістікке жетелеген игі шара болды. Ата-аналар балаларының білімдерін бақылап, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, мектеп өмірімен кеңінен танысты. Әрбір пән мұғалімдерімен жекелей кездесіп, балаларының білім мен тәрбие үрдісіндегі жетістіктері мен олқылықтары жайлы тиімді әрі нақты ақпарат алды. 
  Ата-аналардың атылмыш шарадан кейін білдірген пікірлері мен ойлары, алған әсерлері жайлы айтқан толғаныстарынан қолдау тапқандығын аңғардық. Бұл іс-шараның ұйымдастырылуы мектептің педагогикалық ұжымы үшін де тиімді болды. Ата-аналарға алғыс білдіре отырып, осындай ізгі істің алдағы уақытта да жалғасын табарына сенімдіміз және бірлікте жұмыс жасауға шақырамыз.