27
қараша
2023
Математика пәнінен өткен ашық сабақ
МИФ он күндігінің аясында 27.11.2023 жылы 5”В” сыныбында математика пәнінен Назарова Гулим Алмасовна “Аралас сандарды қосу” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар натурал сан мен аралас санды қосу, бөлімдері бірдей және әртүрлі аралас санды қосу жөнінде толық түсінік алып, есеп шығарды. Қайталау сұрақтарына жауап беріп, тақырып бойынша деңгейлік есептер шығарып, сәйкестендір әдісі арқылы білімдерін шыңдады. Сабақ соңында мұғаліммен кері байланыс орнатты.