Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қараша
2023

Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер

    Болашақ ұрпақты халқымыздың ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында жұмыс жүргізетін «Аталар мектебінің» алғашқы басқосуы «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбына арналды. Шараға әкелер мен ақсақалдар шақырылып, тақырып аясында ой өрбітті. 
   Қаламыздағы ЖМК шағын ауданындағы ардагерлер ұйымының ақсақалдары келіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, кеңестерін айтты. Заманында көшбасшы болып, елге еңбегі сіңген, оқу-ағарту ісінде қызмет еткен қадірлі аталарымыз - Нұрмұханбетов Әлібек, Сериянов Нұрғожа, Солтанғалиев Аман ақсақалдар айтқан кемел ойлары мен ғибратты сөздері қазақ халқының даналығына тағы бір мәрте көз жеткізді.