11
наурыз
2021
«Даналық бейсенбі» ‒ дара тұлғалармен кездесу.
«Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің» 9-сынып оқушылары «Даналық бейсенбі» жобасы аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің «Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар» факультетінің деканы Мадияров Мұратхан Нәбенұлымен онлайн жүздесті.
2021 жылы Тәуелсіздігімізді алып, Егемен ел атанғанымызға 30 жыл толады. Тарихи тұрғыдан бағамдасақ, отыз жыл ‒ аса көп уақыт емес. Десе де, Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдік алпауыттармен терезесін теңестіріп, жаһан жұртына қарышты қадамдарымен танылып үлгерді. Қазақстанның асқақ болашағы үшін күнделікті еңбек пен ұлт бірлігі өте маңызды, ‒ деп Мұратхан Нәбенұлы өз сөзін бастады. 9-сынып оқушылары жас түлектер болғандықтан кездесу барысында Мұратхан Нәбенұлы оқушыларға мамандық таңдауда жаңылмай дұрыс шешім қабылдау керектігін айтып өтті. Ал оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Көпті көрген және көптеген болашақ жас ғалымдарды дайындаған керемет тұлғаға қойылған сұрақтардың бірі "Сіз өзіңіздің түлектеріңізбен мақтанасыз ба?" Қонағымыздың айтқан жауабы "иә әрине" тіпті түлектерін әлі күнге дейін құшақ жая қарсы алып, өмірлік ақыл кеңестерін айтудан шаршамайтынын айтты. Тағы бір қойылған сұрақ "осы мамандық таңдауда өзің ұнататын мамандыққа түскен дұрыс па, әлде сұранысқа ие мамандыққа түсу керек пе?" Шынында көп түлектер осы мәселеге келгенде қиналатындарын ашық айтты. Қонағымыздың бұл сұраққа берген жауабы жас түлектерді шабыттандырып жіберді. Себебі Мұратхан Нәбенұлы оларға қазір сұранысқа ие мамандыққа 4 жылдан соң сұраныстың азайып кету ықтималдығын айтты. Сол себепті болашақта сүйіп айналысатын және сол бағытта көптеген жетістіктерге жете алатын мамандықды таңдау керегін айтты.
Осындай өз ісінің майталманы, мақтан тұтарлық тұлғамен кездесу оқушылар үшін тағылымы мол шара болды. Бұндай тұлғалардың берген кеңестері олар үшін өмірлік ұстанымға айналары анық.
