13
желтоқсан
2023
"Мәңгілік тағзым" тақырыбында желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу
13.12.2023 жылы метебіміздің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Мәңгілік тағзым» тақырыбында желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу өтті. Осыдан 37 жыл бұрын қазақ халқының қабырғасын қайыстырып, дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасының куәгерлері Рысбекова Гүлмира Қалибекқызы, Димеуова Анаргүл Зияшқызы кездесуіміздің қонақтары болды. Кездесуде Тәуелсіздікке жету жолында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ерекше маңызы және ел тәуелсіздігін алуға деген бетбұрыстың жасалуына тигізген ықпалы жайында сөз болды. Сондықтан да Желтоқсан оқиғасы Қазақстанның Тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы, тәуелсіздіктің бастауы ретінде бағаланады. Бүгінгі кездесудің мақсаты сол кезеңдегі елге деген патриоттық рухы биік болған жастарды бүгінгі өскелең ұрпаққа таныстыру, насихаттау бағытында ұйымдастырылды.