Алғыс айту күні » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
наурыз
2019

Алғыс айту күні

1-наурыз Алғыс айту күніне арналған

«Алғыс айту парызым» атты мектепшілік апталық қорытындысы


Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен өзара сенімділік, барлық қазақстандықтардың бір – біріне деген құрметтінің орнығуына негіз болатын идея. Осы игі мерекеге орай «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде» ақпан айының 25 жұлдызынан наурыз айының 1 не дейінгі мерзімде «Алғыс айту – парызым» атты мектепшілік апталық өтті.

Оқушылардың арасындағы рухани-адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мақсатында 1-11 сыныптар аралығында «Алғысымыз шексіз», «Алғыстың шегі жоқ» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

Оқушылардың достарына, ұстаздарына, ата-аналарына ізгі ниеттерін білдіру мақсатында «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен "Алғыс айту жәшігі" орнатылды. Оқушылар сол жәшікке тілектерін, алғыстарын жазып білдірді.

Апталықтың қорытынды шарасы Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертпен жалғасты. Оқушылар бұл шарада ата – әжелеріне, ұстаздарына, достарына мерекелік көңіл – күй сыйлады. Апта көлемінде жазылған тілектерге толы «Алғыс айту жәшігі» ашылып, алғыс – тілектер өз иелеріне таратылды. Арман, тілегіміз, адал ниетіміз, тірлігіміз бірлікте болсын!