Іс-шаралар » Страница 7 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
Математикадан ашық сабақ
23
қараша
2023
Математикадан ашық сабақ
   23.11.2023 жылы 6 "Г" сыныбымен математика пәнінен Карбек Азиза Әбілмансурқызы "Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар рационал сандарға амалдар қолданып, есептерді шығару дағдыларын жетілдірді. Сабақ барысында әртүрлі заманауи әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындау барысында өте белсенді қатысты.
Информатика пәнінен өткен ашық сабақ
22
қараша
2023
Информатика пәнінен өткен ашық сабақ
     МИФ он күндігінің аясында 22.11.2023 жылы 6 "Б" сыныбында информатика пәнінен Габитова Жадыра Шакарбековна "Конус, цилиндр және сфера құру" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар конус, цилиндр және сфера жөнінде толық түсінік алды. Өмірде аталған пішіндер нелерде және қалай қолданатыны жөнінде оқушылардың ойы тыңдалды. Оқушылар Google SketchUp программасының құралдарының көмегімен конус, цилиндр және сфера құрып үйренді. 
Кіріктірілген ашық сабақ
20
қараша
2023
Кіріктірілген ашық сабақ
    МИФ он күндігінің аясында 20.11.2023 жылы 9 "А" сыныбымен математика пәні мұғалімі Әбдрахманова Гүлім Берікболқызы  және физика пәні мұғалімі Смаилханова Айнұр Ержановна «Арифметикалық прогрессиямен Ньютон заңдарын қарастыру» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өткізді.
20 қараша - Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күні
20
қараша
2023
20 қараша - Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күні
    20 қараша - Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күніне орай оқушының міндеттері мен құқықтары туралы білу, еліміздің болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Менің құқықтарым- менің міндеттерім» тақырыбына сынып сағаттары ұйымдастырылды.
"МИФ" әдістемелік бірлестігінің он күдігінің ашылуы
20
қараша
2023
"МИФ" әдістемелік бірлестігінің он күдігінің ашылуы
Тақырыбы : «Әлем нақты ғылымдар тілінде» Мақсаты:  Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып-үйренудегі белсенділігін, логикалық ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту.  Мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен алмасу.
«Көркем мінез – баға жетпес байлық»
17
қараша
2023
«Көркем мінез – баға жетпес байлық»
   Мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» бағдарламасы аясында 17 қараша күні ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту мақсатында 11 – сыныптың ата-аналарымен түрлі жағдаяттарды шешу жолдары, шағын топтардағы жұмыс ұйымдастырылды.
Асық атудан «Алтын сақа» олимпиадасы өткізілді
17
қараша
2023
Асық атудан «Алтын сақа» олимпиадасы өткізілді
   Мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде қазақ халқының ұлттық ойыны “Асық атуды” насихаттау мақсатында, 5-сыныптар арасында “Ханталапай”, “Бес тас”, “Омпы” ойындарынан сайыс өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша 5В сыныбы - l орын, 5Б сыныбы - ll орын, 5А сыныбы - lll орын иеленді.
«Отбасы – бақыт бесігі»
16
қараша
2023
«Отбасы – бақыт бесігі»
   Мектебімізде педагогикалық қолдау орталығының жоспары негізінде ата - аналармен  отбасындағы  тәрбие өте  маңызды   рөл  атқаратындығын  көрсете  білу,  бала  тәрбиелеуде мектеп  пен  ата-ана  байланысын  нығайту,  жұмыс  жүйесін  жақсарту мақсатында  "Отбасы - бақыт бесігі " атты  ата-аналар оқуы  өткізілді.
15 қараша - Ұлттық валюта күні
15
қараша
2023
15 қараша - Ұлттық валюта күні
   15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай балалардың ұлттық теңгеміз туралы түсініктерін кеңейту, білімдері мен белсенділіктерін дамыту мақсатында «Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы» атты мұражай сабағы өткізілді. Шара барысында оқушылар тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі - теңгемен, Қазақстанның ұлттық теңгеге көшу тарихымен танысты.    Сонымен қатар ұлттық теңгенің пайда болу тарихы және ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны, оның безендірілуі туралы мағлұмат
Инабат қыздар кеңесінің отырысы
14
қараша
2023
Инабат қыздар кеңесінің отырысы
   Қазақ халқы ертеден қыз баланы әдептілік пен ибалыққа тәрбиелеген. Ата-бабаларымыздың дәстүрлі дүниетанымында, әсіресе, қыз баланың өрілген ұзын бұрымына ерекше назар аударған. " Қыздың көркі - шаш, шаштың көркі - шаштеңге" дейтін бабаларымыз қыз бойындағы бар сұлулықты бір бұрымға сыйдырған. Осы мақсатта мектебіміздегі қыздар клубының жүргізілуімен шаш өруден мастер класс өтті. Арнайы маман шашты күтудің қыр-сырларымен бөлісті.