14
қараша
2023
Инабат қыздар кеңесінің отырысы
Қазақ халқы ертеден қыз баланы әдептілік пен ибалыққа тәрбиелеген. Ата-бабаларымыздың дәстүрлі дүниетанымында, әсіресе, қыз баланың өрілген ұзын бұрымына ерекше назар аударған. " Қыздың көркі - шаш, шаштың көркі - шаштеңге" дейтін бабаларымыз қыз бойындағы бар сұлулықты бір бұрымға сыйдырған. Осы мақсатта мектебіміздегі қыздар клубының жүргізілуімен шаш өруден мастер класс өтті. Арнайы маман шашты күтудің қыр-сырларымен бөлісті.




