06
желтоқсан
2024
Lesson Study педагогикалық тәсілін қолдану
Мектебімізде мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіруде, іс-тәжірибе алмаса отырып ынтымақтастықта жұмыс жүргізуге бағытталған Lesson Study педагогикалық тәсілін қолдану қолға алынды. Алдымызда әрине, «Неден бастау керек?» деген сұрақ тұрды. Осы орайда білім алушылардың әр буыны ескеріле отырып *«Бастау», «Зерде», «Эксперимент»* топтары құрылды. Алдымен зерттеу сұрақтарын нақты айқындау міндеті жүзеге асырылды. Айқындалған зерттеу сұрақтарын шешу мақсатында әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, тиімді қолдана білу бойынша мектеп басшылығымен қатар, тәжірибелі ұстаздар білдірген пікірлер негізінде ұстаздар «кіші топтарға» бөлінді. Зерттеу тобындағы мұғалімдeрмен бірігіп, топтарда жұмыс істеу үшін не қажет? деген сұраққа жауап ізделінді. Әр пән бойынша жоспарға сай сабақ тақырыптары анықталып, сабақ жоспарын құруда ұсыныстар ескерілді. Оқушылардың тапсырмаларды сапалы, жоспарға сәйкес oрындалуы бақыланып, топ мүшелерінің пікірін, оқыту және көмек көрсету арқылы меңгертуді назардa ұстау керектігі айтылды |