Ата-аналар жиналысы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қазан
2019

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы өткізілді


2019 жылдың 7-8 қазан күндері А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Сынып жетекшілер тақырып бойынша сұрақтар дайындап, ата-аналармен топтық жұмыстар жасады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша негізгі заңдар» құқықтық жалпыға білім беру тақырыбында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары өткізілді. Барлық ата-аналар «Ақша жинауға тиым салу туралы» мектептің бұйрығымен таныстырылды. Сондай – ақ мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жүргізіп отырғаны аталып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бағыттарының бірі жемқорлыққа қарсы білім беру, тәрбиелеу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру екендігі айтылды. Ал ата-аналармен жүргізілетін іс-шаралар, соның ішінде қайырымдылық шаралары тек Қамқоршылық кеңестің  шешімімен, ұйымдастыруымен өткізілетіні ескертілді.