05
сентябрь
2024
”Ахмет Байтұрсынұлы-Алаштың рухани көсемі” атты мұражай сабақтары
5 сентябрь – Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай мектебімізде «Ахмет Байтұрсынұлы - Алаштың рухани көсемі» атты мұражай сабақтары өткізілді. Алаштың рухани көсемі А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын мұражай сабақтарына 5 сынып оқушылары да қатысты. Оқшыларға А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығының басты белестері туралы қысқаша экскурсия ұйымдастырылып мұражай экспонаттарымен таныстырылды.