“А.Байтұрсынұлының тіл мұрасы” атты брейн-ринг зияткерлік ойыны » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
16
сентябрь
2024

“А.Байтұрсынұлының тіл мұрасы” атты брейн-ринг зияткерлік ойыны

Қазақстан халықтарының тілдері күні мен А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған онкүндік “А.Байтұрсынұлының тіл мұрасы” атты брейн-ринг зияткерлік ойынымен түйінделді. Ахмет Байтұрсынұлының  өмірі мен шығармашылығын, оның шетсіз-шексіз бай мұрасын танып-білуді мақсат етіп қойғандықтан,  тақырыбы – «Ахметтану білгірлері» деп аталды. Брейн-ринг ойынына мектебіміздің  7,8-сынып оқушыларынан  құралған  7 команда қатысты. Олар: 7А сыныбының «Қырық мысал» тобы, топ жетекшісі-Тұрсынханова Іңкәр. 7Б сыныбының «Ахмет  ізбасарлары» тобы, топ жетекшісі-Төкен Әмір. 7В сыныбының «Тұран» тобы, топ жетекшісі-Алмасұлы Айбын. 7Г сыныбының «Ахмет білгірлері» тобы, топ жетекшісі-Байғазынова Диляра. 8А сыныбының «Алаш» тобы, топ жетекшісі-Жумагулова Лейла.  8Б сыныбының «Ер сайын» тобы, топ жетекшісі-Есімхан Дильназ. 8В сыныбының «Тіл тағылымы» тобы, топ жетекшісі-Қадылбекова Наргиз. Ойын  қорытындысы  бойынша  7В сыныбының «Тұран»тобы  жеңімпаз атанып, қалған топтар да белсене қатысқандары үшін  алғыс хатпен марапатталды. Ойын қызықты да, тартысты өтті. Көзі тірісінде алты Алаштың көсемі атанған  Ахаңның телегей  бай мұрасын осы  сайыста  жас ұрпақ тағы бір сараптап, дәлелдеп  берді. Ұлт маңдайына біткен  рухани көсемнің мол мұрасы мәңгілік! Ұлылық деген осы болар!