Мероприятие » Страница 7 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
Салауатты өмір салтын ұстану
27
ноябрь
2023
Салауатты өмір салтын ұстану
   Оқушылардың физикалық белсенді болу, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, өз денсаулығын күте білуге, ортаны таза ұстап аялауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
«Әже мектебі» жиыны
24
ноябрь
2023
«Әже мектебі» жиыны
   Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау  жұмысы жалғасын табуда.  Аяулы әжелер мен ардақты аналардың арасындағы әңгіме дөңгелек үстел басында өрбіді. Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды қолдану маңыздылығы мен ерекшелігі туралы келелі мәселелер көтеріліп, ой-пікірлер ортаға салынды. Мектеп ұжымының игі бастамасына алғыс білдірген әжелер ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды. Жас аналарға үлгі боларлық өмірлік тәжірибелерін тілге тиек ете отырып, мысалдар келтіре баяндап берді. 
Мектеп құрамының төтенше жағдайлар бойынша іс-қимылы.
23
ноябрь
2023
Мектеп құрамының төтенше жағдайлар бойынша іс-қимылы.
  2023 жылдың 23 ноябрьсында педагогикалық ұжым, оқушылар және қамту қызметкерлерімен жер сілікнісіне қатысты жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында барлық санитарлық нормалары сақталып, мектеп құрамы белсене қатысты.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық байқауы
23
ноябрь
2023
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық байқауы
   Усть-Каменогорск қаласының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру жөніндегі іс – шаралар кешенін өткізу» мемлекеттік әлеуметтік  жобасын іске асыру шеңберінде «АДАЛ ҰРПАҚ» ерікті мектеп клубтарының конкурсында 1 орын алған Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің командасын құттықтаймыз! Мектеп оқушыларымен осы бағыттағы жұмысты жүйелі ұйымдастырып отырған  жетекшілерге алғыс білдіреміз!
Алгебра және анализ бастамалары пәнінен ашық сабақ
23
ноябрь
2023
Алгебра және анализ бастамалары пәнінен ашық сабақ
   Мектебіміздегі МИФ он күндігінің аясында 23.11.2023 ж күні  10 «А" сыныбының оқушылармен Алгебра және анализ бастамалары  пәнінен Жаханова Толкын Ануарбековна «Тригонометриялық теңдеулер және жүйелерін шешу әдістері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық жұмыстар арқылы тригонометриялық теңдеулерді тиімді әдістерді қолдану арқылы шешуді орындады.  Деңгейлік тапсырманың орындаудалуының дұрыстығын әр оқушы өздерінің смартфоны арқылы анықтады.
Математикадан ашық сабақ
23
ноябрь
2023
Математикадан ашық сабақ
   23.11.2023 жылы 6 "Г" сыныбымен математика пәнінен Карбек Азиза Әбілмансурқызы "Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар рационал сандарға амалдар қолданып, есептерді шығару дағдыларын жетілдірді. Сабақ барысында әртүрлі заманауи әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындау барысында өте белсенді қатысты.
Информатика пәнінен өткен ашық сабақ
22
ноябрь
2023
Информатика пәнінен өткен ашық сабақ
     МИФ он күндігінің аясында 22.11.2023 жылы 6 "Б" сыныбында информатика пәнінен Габитова Жадыра Шакарбековна "Конус, цилиндр және сфера құру" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар конус, цилиндр және сфера жөнінде толық түсінік алды. Өмірде аталған пішіндер нелерде және қалай қолданатыны жөнінде оқушылардың ойы тыңдалды. Оқушылар Google SketchUp программасының құралдарының көмегімен конус, цилиндр және сфера құрып үйренді. 
Кіріктірілген ашық сабақ
20
ноябрь
2023
Кіріктірілген ашық сабақ
    МИФ он күндігінің аясында 20.11.2023 жылы 9 "А" сыныбымен математика пәні мұғалімі Әбдрахманова Гүлім Берікболқызы  және физика пәні мұғалімі Смаилханова Айнұр Ержановна «Арифметикалық прогрессиямен Ньютон заңдарын қарастыру» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өткізді.
20 ноябрь - Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күні
20
ноябрь
2023
20 ноябрь - Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күні
    20 ноябрь - Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күніне орай оқушының міндеттері мен құқықтары туралы білу, еліміздің болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Менің құқықтарым- менің міндеттерім» тақырыбына сынып сағаттары ұйымдастырылды.
"МИФ" әдістемелік бірлестігінің он күдігінің ашылуы
20
ноябрь
2023
"МИФ" әдістемелік бірлестігінің он күдігінің ашылуы
Тақырыбы : «Әлем нақты ғылымдар тілінде» Мақсаты:  Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып-үйренудегі белсенділігін, логикалық ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту.  Преподавателидің іс-тәжірибелерімен алмасу.