Мероприятие » Страница 13 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
Мектеп Парламенті Президенті мен белсенділерін ұлықтау рәсімі
03
октябрь
2023
Мектеп Парламенті Президенті мен белсенділерін ұлықтау рәсімі
    Мектеп Парламенті - оқушылардың өкілетті ұйымы ретінде мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға, мектеп өміріндегі мәдени іс-шаралар мен ағымдағы болып жатқан істерді шешуге белсене араласады.     Осы орайда 2 октябрь күні мектеп Парламентінің Президенті мен мүшелерін ұлықтау рәсімі өтті. Олар мектеп өмірінің жақсаруына үлес қосуда зор белсенділік көрсететіндеріне уәде беріп, өз міндеттерін мүлтіксіз орындауға Ант қабылдады. Іске сәт! Барлық мақсатты жоспарлар жүзеге
"Ақылы асқан дария" сынып сағаттары
02
октябрь
2023
"Ақылы асқан дария" сынып сағаттары
    Мектебімізде ар-ұят құндылығы аясында жас жеткіншектің бойында мейірімділік, ізгілік, үлкенге құрмет көрсету, қамқорлық сияқты қасиеттерді дамыту мақсатында қарттар күніне арналған "Ақылы асқан дария" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
"Аяулы әже. Ардақты ана. Ару қыз." қыздар кеңесінің  іс - шарасы
29
сентябрь
2023
"Аяулы әже. Ардақты ана. Ару қыз." қыздар кеңесінің іс - шарасы
Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары, жаны жаздай жайраңдаған. "Қыз өссе-елдің көркі" деген сөзді, Қапысыз қалай айтқан қайран бабам... Әлемде қыз баланы құрметтеп, қарындасты қадірлеп, әпкені аялап, анаға бас иіп, жалпы әйел затын ардақтайтын бірден-бір ел-қазақ елі. Қыздарымыз да өз кезегінде саналы білімімен, тәлімді тәрбиесімен, ержүрек батылдығымен, данышпан даналығымен ел игілігіне үлес қоса білді.  Мектебімізде "Инабат" қыздар ұйымының ұйымдастыруымен өткен "Аяулы әже. Ардақты ана.
Школьникам кәсіби бағдар беру
28
сентябрь
2023
Школьникам кәсіби бағдар беру
   27 сентябрь күні мектебімізде оқушыларды өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясының өкілі, майор Бектурсынов Дархан Сарсенұлы мектебіміздің 10,11-сынып ұлдарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында өз оқу орындары туралы толықтай мағлұмат беріп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
“1 - октябрь Халықаралық қарттар күні” мерекесі
28
сентябрь
2023
“1 - октябрь Халықаралық қарттар күні” мерекесі
“1 - октябрь Халықаралық қарттар күні” мерекесі . Осы атаулы күнге орай мектебіміздің 10А сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Светачова Анастасия Павловнаны құттықтап қайтты.
"Өз балаңа үлгі бол" ата -  аналарға арналған кіші конференция
28
сентябрь
2023
"Өз балаңа үлгі бол" ата - аналарға арналған кіші конференция
   Ата-аналарды педагогикалық қолдау қызметі бойынша мектебімізде 1 – сыныптың ата –аналарына арналған "Өз балаңа үлгі бол" тақырыбында  кіші конференция ұйымдастырылды.    Оқу ісінің орынбасары мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен мазмұны, мектеп психологы 1 – сынып оқушыларының бейімделуі туралы айтып өтті. Жас ұрпақты толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің  маңызы зор екендігіне ҚАЕУ доценті, аға оқытушы    Абдрахманова Ардақ Құрманбаевна тоқталды.
"Айтыстың ақтаңгері Серік ақын" кездесу
27
сентябрь
2023
"Айтыстың ақтаңгері Серік ақын" кездесу
    Атадан балаға мұра болған қасиетті өнеріміздің бірі – айтыс. Ұлттық құндылығымызды ұлықтау мақсатында мектебіміздің 5 сынып оқушылары облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өткен жерлесіміз, айтыскер ақын Серік Сәдуақасұлы Құсанбаевпен болған кездесуге қатысып, айтыс өнері туралы, ақынның шығармашылығы туралы біліп қайтты. Болашақ жас өрендерімізді қасиетті сөз өнерін қастерлеуге баулуда бұл шараның маңызы зор деп білеміз.
Азаматтық қорғаныс жаттығулары
27
сентябрь
2023
Азаматтық қорғаныс жаттығулары
   2023 жылдың 27 қыркүйегінде мектептің азаматтық қорғаныс жаттығуларының кестесіне сәйкес, мектеп құрамымен жер сілікінісі дабылы бойынша жаттығу өткізілді. Жаттығуға  мектеп құрамы белсене қатысып   теорияда алған білімдерін шыңдап нұсқаулыққа сәйкес дұрыс әрекет жасай білді.
Оқушылар мен ата -  аналарға арналған қауіпсіздік сабақтары
26
сентябрь
2023
Оқушылар мен ата - аналарға арналған қауіпсіздік сабақтары
   Оқушылардың күнделікті  қауіпсіздік ережелерін сақтау,  өмір қауіпсіздігі туралы сауаттылығын арттыру, жауапты болуға, мұқият және сақ жүруге тәрбиелеу мақсатында 4В - сынып оқушылары мен ата -  аналары "Ақ жол" балалар клубымен бірлескен тәрбие сағатына ұйымдастырылды.