Мероприятие » Страница 14 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
Мектеп Парламенті президентінің сайлауы өтті.
25
сентябрь
2023
Мектеп Парламенті президентінің сайлауы өтті.
Мектебімізде "Мектеп парламенті" білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының тұжырымдамасы ережесіне сәйкес мектеп Парламенті Президентін сайлауы өткізілді. Сайлау қорытындысы бойынша мектеп Президенті 8А - сынып оқушысы Мұратов Алмат сайланды.
№20 мекеменің қызметіне талдау, өзін-өзі бағалау 2022-2023ж.
25
сентябрь
2023
№20 мекеменің қызметіне талдау, өзін-өзі бағалау 2022-2023ж.
Мектептің 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарына педагогикалық талдау, қорытынды сараптама Мақсаты: Оқыту процесі оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты және кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталғандықтан педагогикалық ұжым іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру; метептің даму бағытының дұрыстығын анықтау; ұйым жұмысына талдау жасау мониторингін жүзеге асыру, ұсыныстардың орындалуы, тәжірибелік жұмыстарға ғылым жетістіктерін, педагогикалық тәжірибені енгізудегі жетістіктер
Оқуға құштар мектеп: Ертегі оқиық
23
сентябрь
2023
Оқуға құштар мектеп: Ертегі оқиық
    Ертегі ең алғашқы сүйікті шығармамыз. Балақай, сен қандай ертегіні ұнатасың? Қымбатты ата-ана! Балаңыздың балғын күнін ғажайыпқа толтырғыңыз келе ме? "Оқуға құштар мектеп" жобасы негізінде сіздерге ертегілердің электрондық слабовидящихн ұсынамыз. Әр күндеріңіз сәтті, әр кештеріңіз жарқын болсын!
«Ұстаздар жолы-ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»  атты кездесу
22
сентябрь
2023
«Ұстаздар жолы-ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты кездесу
   22 сентябрь күні мектебімізде «Еңбек күнін»  атап өту және зейнеткер ұстаздардың еңбек жолын таныстыра отырып,  ұстаз мамандығының қыр-сырын түсіндіру,  ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Ұстаздар жолы-ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»  атты кездесу өткізілді. Кездесу барысында зейнеткер ұстаздар  оқушыларға жүрекжарды ізгі тілектерін айтып, баталарын берді. Бұл іс-шара балалар мен ұстаздардың арасындағы сыйластықты одан әрі күшейте түсті.      Кездесуге келген ұстаздарға
"Тәрбие тұғыры" ата  - аналар жиналысы
21
сентябрь
2023
"Тәрбие тұғыры" ата - аналар жиналысы
   19 - 21 сентябрь аралығында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыстары жүргізіліп, «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жұмыстарының жанданатыны туралы мектепішілік жиналыста сөз қозғалды.      Ата -аналарға «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша жұмыс жоспары түсіндірілді.
"Өрт дабылы" бойынша жаттығу өткізілді
20
сентябрь
2023
"Өрт дабылы" бойынша жаттығу өткізілді
    2023 жылдың 20 қыркүйегінде мектептің азаматтық қорғаныс жаттығуларының кестесіне сәйкес, Усть-Каменогорск қаласының №7 өрт сөндіру бөлімшесі қызметкерінің қатысуымен мектеп құрамымен өрт дабылы бойынша жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында мектеп құрамы теорияда алған білімдерін шыңдап нұсқаулыққа сәйкес дұрыс әрекет жасай білді.
"Еңбек  - бәрін жеңбек" сурет көрмесі
19
сентябрь
2023
"Еңбек - бәрін жеңбек" сурет көрмесі
   18-22 сентябрь аралығында «Еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 2-4 сыныптардың «Еңбек-бәрін жеңбек!» тақырыбына салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды. Сурет салу-бала қиялын дамытуда, икемін бағыттауда, балаға әр қырынан тигізер пайдасы өте жоғары істердің бірі.
Еңбек күніне арналған сынып сағаттары
18
сентябрь
2023
Еңбек күніне арналған сынып сағаттары
   18 сентябрь күні мектебімізде «Еңбек күнін» атап өту қарсаңында адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында  5-11 сыныптарда «Еңбекқорлық және оның табысқа әсері», 1-4 сыныптарда «Еңбегі адал жас өрен» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары оқушыларға нағыз еңбек адамы әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын, өзгенің еңбегін бағалайтын адал азамат екендігін түсіндіруге бағытталды.
«Дүниежүзілік тазалық күні (World Clean Up Day 2023)» экологиялық акциясы
16
сентябрь
2023
«Дүниежүзілік тазалық күні (World Clean Up Day 2023)»
   2023 жылдың 16 қыркүйегінде «Дүниежүзілік тазалық күні (World Clean Up Day 2023)» экологиялық акциясына орай Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп ауласын қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Сенбіліктің басты мақсаты - мектептің ауласының тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.
"Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
15
сентябрь
2023
"Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
      Оралхан Бөкей есімі әдебиетіміздің төрінде шоқ жұлдыздай жарқырап тұр. Оның прозасы ерекшелігімен мәңгілік.  Биыл жерлес жазушының туғанына 80 жыл. Мектебіміздің 7-сынып оқушылары облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерімен бірге шығармашылығын туған өлкесіне арнаған заңғар жазушы әлеміне үңіліп,  "Тортай мінер ақ боз ат" шығармасын талдады.