Мероприятие » Страница 11 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
Мұражайға саяхат
19
октябрь
2023
Мұражайға саяхат
      Республика күні қарсаңында мектебіміздің 5,6 - сынып оқушылары «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» управления образования Восточно-Казахстанской области нде ұйымдастырылған «Біз Қазақстан халқымыз!» тақырыбындағы көрмеге қатысты. Оқушылар мұражайдың көрме залдарынан әр ұлттың салт-дәстүрі, мәдениеті жайлы біліп, ерекше қызығушылықпен қарады. Сонымен қатар, көптеген қызықты тарихи фактілер мен танымдық ақпарат алды.
Педагогикалық консилиум
18
октябрь
2023
Педагогикалық консилиум
      18 октябрь күні "А.Байтұрсынов атындағы номері 20 орта мектебінде" 1-ші және 5-ші сынып оқушыларының бейімделуіне байланысты сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, психолог, оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен педагогикалық консилиум өтті. Мақсаты: 1-ші сынып оқушыларының мектеп қабырғасына бейімделуі,5-ші сынып оқушыларының бастауыш сыныптан орта буынға бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында оқушылар ұжымында педагогикалық жағдай туғызу.      Мектеп психологы тарапынан оқушылардың
Мектебіміздің түлегі,  жас ақын Оразай Жеңісұлымен кездесу
17
октябрь
2023
Мектебіміздің түлегі, жас ақын Оразай Жеңісұлымен кездесу
Мектебіміздің түлегі, жас ақын Оразай Жеңісұлының «Жел сүлейі» атты кітабының тұсаукесері болды.  Осы жиында Оразайдың тұңғыш жыр жинағы — "Жел сүлейдің" тұсау кесу рәсіміне қатыстық.  Кітаптың тұсаукесер рәсімі мағыналы да мазмұнды леппен өтті. Мектеп ұстаздары мен оқушылары Оразай ақынға бағындырар толағай табыстар мен әлі де болса шығармашылықтың биік шыңына жетуіне шын жүректен тілектестік білдірді.
"Туған жерім - тұғырым" мәнерлеп оқу сайысы
17
октябрь
2023
"Туған жерім - тұғырым" мәнерлеп оқу сайысы
25 - октябрь Республика күні қарсаңында мектебімізде "Туған жерім - тұғырым" тақырыбында 8 - сыныптар арасында  мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін ардақтап өтуге баулу. Отанға деген патриоттық сезімін ояту. Сайыс өте тартымды өтті. Сайысқа қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.     Сайыс қорытындысы бойынша: 8 "Г" оқушысы Майрова Нұрсұлу - Бас жүлде иеленді.
«Рухани келісім» күні қарсаңында «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбындағы кездесу
16
октябрь
2023
«Рухани келісім» күні қарсаңында «Діни сауаттылықты арттыру»
    Мектебімізде 16 октябрь күні 9,10 - сынып оқушыларымен «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында ШҚО қоғамдық даму басқармасының «Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы Р.Т.Назарбеков және талдау және ақпаратты түсіндіру бөлімінің маманы А.С.Беккалиевамен кездесу ұйымдастырылды.     Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, оқушылар арасында діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі діндермен дәстүрлі емес діндердің айырмашылығы және деструктивті діни ағымдардың
«Қауіпсіздік үздігі»
16
октябрь
2023
«Қауіпсіздік үздігі»
   Бүгін мектебімізде ҚЖИ тобының мүшелері бастауыш сынып оқушыларына жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыра отырып «Қауіпсіздік үздігі» парақшаларын таратты.
Әдістемелік жұмыс-ұстаз еңбегінің жиынтығы
13
октябрь
2023
Әдістемелік жұмыс-ұстаз еңбегінің жиынтығы
   Мектептегі әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп, жаңаша жоспарлау оқу-тәрбие үдерісінің сипаты мен мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерінің артуына көп септігін тигізері сөзсіз. "Ахмет Байтұрсынұлов атындағы номері 20 орта мектебі"КММ-де 13-ші октябрь күні бірлестік жетекшілерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Мектебімізде пән бойынша 8 әдістемелік бірлестік бар. Бірлестік жетекшілерінің  біліктілік құрамы: педагог-мастер-1, педагог-зерттеуші-4, педагог-сарапшы-3.    Отырыста бірлестіктің
«Біз Қазақстан халқымыз!» тақырыбында мұражайға саяхат
12
октябрь
2023
«Біз Қазақстан халқымыз!» тақырыбында мұражайға саяхат
   Республика күнін атап өту қарсаңында мектебіміздің 5-сынып оқушылары «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» управления образования Восточно-Казахстанской области нде  ұйымдастырылған  «Біз Қазақстан халқымыз!» тақырыбындағы көрмеге қатысты. Оқушылар мұражайдың көрме залдарынан әр ұлттың салт-дәстүрі, мәдениеті жайлы біліп, ерекше қызығушылықпен қарады. Сонымен қатар,  көптеген қызықты тарихи фактілер мен танымдық ақпарат алды.
Сабақты оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер
11
октябрь
2023
Сабақты оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер
    «Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова» "Ахмет Байтұрсынов атындағы N 20 орта мектебі"КММ-де биылғы оқу жылында мектебімізде сегіз жас маман жұмыс істейді.Мектептің жас мамандарымен арнайы жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі жұмыс жасай отырып,әдістемелік тәжірибе арқылы тәжірибелі ұстаздардың қолдауымен коучинг сабақтар өткізіліп тұрады.Манар Кайрбековнаның      "Сабақты оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер" тақырыбында өткен сабағынан жас мамандар қоржындарын жаңа әдіс-тәсілдермен толтырып қайтты.
Шекарамды бекіткен шын мықтылар" атты тарихи керуен
11
октябрь
2023
Шекарамды бекіткен шын мықтылар" атты тарихи керуен
    Республика күні қарсаңында 8 - сынып оқушылары ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасына «Шекарамды бекіткен шын мықтылар!» атты тарихи керуенге ұйымдастырылды. Тарихи керуен соңында шара барысында үздік деп танылып, белсенділік танытқан оқушыларымыз кітапхана әкімшілігі атынан алғыс хатпен марапатталды. Әсем әнмен қорытындыланған кеш, осылайша оқушыларға жігерлі де естен кетпес көңіл-кдомсыйлады. Библиотека ұжымына алғыс білдіреміз!