Материалы за Қыркүйек 2023 года » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Аяулы әже. Ардақты ана. Ару қыз." қыздар кеңесінің  іс - шарасы
29
қыркүйек
2023
"Аяулы әже. Ардақты ана. Ару қыз." қыздар кеңесінің іс - шарасы
Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары, жаны жаздай жайраңдаған. "Қыз өссе-елдің көркі" деген сөзді, Қапысыз қалай айтқан қайран бабам... Әлемде қыз баланы құрметтеп, қарындасты қадірлеп, әпкені аялап, анаға бас иіп, жалпы әйел затын ардақтайтын бірден-бір ел-қазақ елі. Қыздарымыз да өз кезегінде саналы білімімен, тәлімді тәрбиесімен, ержүрек батылдығымен, данышпан даналығымен ел игілігіне үлес қоса білді.  Мектебімізде "Инабат" қыздар ұйымының ұйымдастыруымен өткен "Аяулы әже. Ардақты ана.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру
28
қыркүйек
2023
Оқушыларға кәсіби бағдар беру
   27 қыркүйек күні мектебімізде оқушыларды өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясының өкілі, майор Бектурсынов Дархан Сарсенұлы мектебіміздің 10,11-сынып ұлдарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында өз оқу орындары туралы толықтай мағлұмат беріп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
“1 - қазан Халықаралық қарттар күні” мерекесі
28
қыркүйек
2023
“1 - қазан Халықаралық қарттар күні” мерекесі
“1 - қазан Халықаралық қарттар күні” мерекесі . Осы атаулы күнге орай мектебіміздің 10А сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Светачова Анастасия Павловнаны құттықтап қайтты.
"Өз балаңа үлгі бол" ата -  аналарға арналған кіші конференция
28
қыркүйек
2023
"Өз балаңа үлгі бол" ата - аналарға арналған кіші конференция
   Ата-аналарды педагогикалық қолдау қызметі бойынша мектебімізде 1 – сыныптың ата –аналарына арналған "Өз балаңа үлгі бол" тақырыбында  кіші конференция ұйымдастырылды.    Оқу ісінің орынбасары мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен мазмұны, мектеп психологы 1 – сынып оқушыларының бейімделуі туралы айтып өтті. Жас ұрпақты толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің  маңызы зор екендігіне ҚАЕУ доценті, аға оқытушы    Абдрахманова Ардақ Құрманбаевна тоқталды.
"Айтыстың ақтаңгері Серік ақын" кездесу
27
қыркүйек
2023
"Айтыстың ақтаңгері Серік ақын" кездесу
    Атадан балаға мұра болған қасиетті өнеріміздің бірі – айтыс. Ұлттық құндылығымызды ұлықтау мақсатында мектебіміздің 5 сынып оқушылары облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өткен жерлесіміз, айтыскер ақын Серік Сәдуақасұлы Құсанбаевпен болған кездесуге қатысып, айтыс өнері туралы, ақынның шығармашылығы туралы біліп қайтты. Болашақ жас өрендерімізді қасиетті сөз өнерін қастерлеуге баулуда бұл шараның маңызы зор деп білеміз.
Азаматтық қорғаныс жаттығулары
27
қыркүйек
2023
Азаматтық қорғаныс жаттығулары
   2023 жылдың 27 қыркүйегінде мектептің азаматтық қорғаныс жаттығуларының кестесіне сәйкес, мектеп құрамымен жер сілікінісі дабылы бойынша жаттығу өткізілді. Жаттығуға  мектеп құрамы белсене қатысып   теорияда алған білімдерін шыңдап нұсқаулыққа сәйкес дұрыс әрекет жасай білді.
Оқушылар мен ата -  аналарға арналған қауіпсіздік сабақтары
26
қыркүйек
2023
Оқушылар мен ата - аналарға арналған қауіпсіздік сабақтары
   Оқушылардың күнделікті  қауіпсіздік ережелерін сақтау,  өмір қауіпсіздігі туралы сауаттылығын арттыру, жауапты болуға, мұқият және сақ жүруге тәрбиелеу мақсатында 4В - сынып оқушылары мен ата -  аналары "Ақ жол" балалар клубымен бірлескен тәрбие сағатына ұйымдастырылды.
Мектеп Парламенті президентінің сайлауы өтті.
25
қыркүйек
2023
Мектеп Парламенті президентінің сайлауы өтті.
Мектебімізде "Мектеп парламенті" білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының тұжырымдамасы ережесіне сәйкес мектеп Парламенті Президентін сайлауы өткізілді. Сайлау қорытындысы бойынша мектеп Президенті 8А - сынып оқушысы Мұратов Алмат сайланды.
№20 мекеменің қызметіне талдау, өзін-өзі бағалау 2022-2023ж.
25
қыркүйек
2023
№20 мекеменің қызметіне талдау, өзін-өзі бағалау 2022-2023ж.
Мектептің 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарына педагогикалық талдау, қорытынды сараптама Мақсаты: Оқыту процесі оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты және кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталғандықтан педагогикалық ұжым іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру; метептің даму бағытының дұрыстығын анықтау; ұйым жұмысына талдау жасау мониторингін жүзеге асыру, ұсыныстардың орындалуы, тәжірибелік жұмыстарға ғылым жетістіктерін, педагогикалық тәжірибені енгізудегі жетістіктер