Материалы за Қазан 2023 года » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
Күзгі демалыстағы спорттық жарыстар
31
қазан
2023
Күзгі демалыстағы спорттық жарыстар
Мектебіміздің 6 сынып оқушылары арасында «Пионербол» ойынынан жарыс өткізілді. Мақсаты: Күзгі каникул уақытында окушылардың бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын нығайту. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орын 6Г сыныбы, 2 орын 6В сыныбы, 3 орын 6А сыныбы иеленді. Балалар өте белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты.
Терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша дәріс
30
қазан
2023
Терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша дәріс
   Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру.    2023 жылдың 27 қазаны күні педагогикалық ұжым және қамту қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес дәріс өткізілді. Дәріс барысында террорлық іс-әрекеттің алдын алу бойынша
«Адамдық борышың» адалдық сағаты
27
қазан
2023
---
«Адамдық борышың» адалдық сағаты
     Биыл қазақтың кемеңгер ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық атаулы мерейтойы. Осыған орай  ШҚО балалар және жасөспірімдер  кітапханасында "Адамдық борышың" тақырыбында өткізілген адалдық сағатына 8-сынып оқушылары қатысты.        Шара барысында ақын өмірбаяны таныстырылып, "адалдық" туралы бейнеролик оқушылар назарына ұсынылды. "Tarsia" әдісі арқылы балалар  алған ақпараттарын сызбаға салып, алғырлықтарын көрсете білді.     Шәкәрім Құдайбердіұлының асыл ойлары адалдық, әділдік,
«Ұлттық спортты  ұлықтау – тарихымызды ұмытпау»
26
қазан
2023
«Ұлттық спортты ұлықтау – тарихымызды ұмытпау»
    Халқымыздың ерекшелгін айшықтайтын ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрі, өнері мен ұлттық ойындары қатарында садақ ату өнерінің орны ерекше.     Бүгін 9-10 - сынып оқушылары қаламыздағы «Керемет садақ» орталығының жетекшісі, көптеген садақ ату турнирларының бас демеушісі, сайыстардың төрешісі, Сағыр ауданы бойынша өткен 25 метрлік қашықтықтағы турнирдің 1 орын жеңімпазы, жеке жаттықтырушы Бибати Тұрымтайқызымен кездесті.      Бибати Тұрымтайқызы садақ ату өнерінің қыр-сырымен, ерекшелігімен,
«Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» тақырыбында қолөнер көрмесі
24
қазан
2023
«Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» тақырыбында қолөнер көрмесі
    Республика күні қарсаңында мектеп мұражайында ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дамыту, ұлықтау және оқушылар арасында қолөнер  түрлерін насихаттау мақсатында 7А,Б – сыныптарының оқушылары, ата – аналары, сынып жетекшілері «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» тақырыбында қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Ұлттық қолөнер – атадан балаға жалғасқан рухани мол мұрамыз. Ұлттық мәдениетті құрметтеу – өркениеттің бастауы.
«Ақындар айтысы»  ұйымдастырылды
24
қазан
2023
«Ақындар айтысы» ұйымдастырылды
    Ахмет Байтұрсынов атындағы 20 орта мектебінде қазақ халқының ұлттық құндылығы – айтысты насихаттап, оқушыларды ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау мақсатында «Ақындар айтысы» ұйымдастырылды.      Айтыстың жауһарлары – «Біржан мен Сара», «Сүйінбай мен Қатаған» айтыстарынан көрініс көрсеткен оқушыларымыздың өнері мектебіміздің жас өрендері орындауындағы «Қыз бен Жігіт» айтысына ұласты.    
«Қазақстан-туған жерім, туған елім!»  тәрбие сағаттары
23
қазан
2023
«Қазақстан-туған жерім, туған елім!» тәрбие сағаттары
   Республика күнін мерекелеу қарсаңында мектебімізде «Қазақстан-туған жерім, туған елім!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.     Республика күні – мемлекеттіліктің символы болып табылатын маңызды мереке.    Іс-шараның мақсаты: оқушылардың тәуелсіз еліміздің қалыптасу тарихы туралы білімдерін толықтыру. Ел тарихына деген қызығушылықты, азаматтық, патриоттық және өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.
Әнұран орындау челленджі
23
қазан
2023
Әнұран орындау челленджі
    23 қазан күні «Тоғыз айға 9 іс - шара» тұжырымдамасы негізінде Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қазақстандық патриотизмді, азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік Әнұранды орындау челленджіне белсене қатысты. Іс – шараның міндеттері: -    білім беру ұйымдарының барлық білім алушыларының ел әнұранының мәтінін жатқа айту;-    еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ету;-    білім алушылардың бірлігі
«Қожа Ахмет Ясауидің хикмет іліміндегі басты құндылық»
20
қазан
2023
«Қожа Ахмет Ясауидің хикмет іліміндегі басты құндылық»
     Рухани келісім күні және Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай 2023 жылғы 18-24 қазан аралығында 6-11 сыныптарда «Қожа Ахмет Ясауидің хикмет іліміндегі басты құндылық» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.      Шара мақсаты: Халық даналығының негізі ретінде халық руханиятының бастауларын түсіндіру.
Мұражайға саяхат
19
қазан
2023
Мұражайға саяхат
      Республика күні қарсаңында мектебіміздің 5,6 - сынып оқушылары «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылған «Біз Қазақстан халқымыз!» тақырыбындағы көрмеге қатысты. Оқушылар мұражайдың көрме залдарынан әр ұлттың салт-дәстүрі, мәдениеті жайлы біліп, ерекше қызығушылықпен қарады. Сонымен қатар, көптеген қызықты тарихи фактілер мен танымдық ақпарат алды.