Материалы за 27.09.2023 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Айтыстың ақтаңгері Серік ақын" кездесу
27
қыркүйек
2023
"Айтыстың ақтаңгері Серік ақын" кездесу
    Атадан балаға мұра болған қасиетті өнеріміздің бірі – айтыс. Ұлттық құндылығымызды ұлықтау мақсатында мектебіміздің 5 сынып оқушылары облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өткен жерлесіміз, айтыскер ақын Серік Сәдуақасұлы Құсанбаевпен болған кездесуге қатысып, айтыс өнері туралы, ақынның шығармашылығы туралы біліп қайтты. Болашақ жас өрендерімізді қасиетті сөз өнерін қастерлеуге баулуда бұл шараның маңызы зор деп білеміз.
Азаматтық қорғаныс жаттығулары
27
қыркүйек
2023
Азаматтық қорғаныс жаттығулары
   2023 жылдың 27 қыркүйегінде мектептің азаматтық қорғаныс жаттығуларының кестесіне сәйкес, мектеп құрамымен жер сілікінісі дабылы бойынша жаттығу өткізілді. Жаттығуға  мектеп құрамы белсене қатысып   теорияда алған білімдерін шыңдап нұсқаулыққа сәйкес дұрыс әрекет жасай білді.