Информатика пәнінен өткен ашық сабақ
МИФ он күндігінің аясында 22.11.2023 жылы 6 "Б" сыныбында информатика пәнінен Габитова Жадыра Шакарбековна "Конус, цилиндр және сфера құру" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар конус, цилиндр және сфера жөнінде толық түсінік алды. Өмірде аталған пішіндер нелерде және қалай қолданатыны жөнінде оқушылардың ойы тыңдалды. Оқушылар Google SketchUp программасының құралдарының көмегімен конус, цилиндр және сфера құрып үйренді.