Материалы за 23.11.2023 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп құрамының төтенше жағдайлар бойынша іс-қимылы.
23
қараша
2023
Мектеп құрамының төтенше жағдайлар бойынша іс-қимылы.
  2023 жылдың 23 қарашасында педагогикалық ұжым, оқушылар және қамту қызметкерлерімен жер сілікнісіне қатысты жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында барлық санитарлық нормалары сақталып, мектеп құрамы белсене қатысты.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық байқауы
23
қараша
2023
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық байқауы
   Өскемен қаласының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру жөніндегі іс – шаралар кешенін өткізу» мемлекеттік әлеуметтік  жобасын іске асыру шеңберінде «АДАЛ ҰРПАҚ» ерікті мектеп клубтарының конкурсында 1 орын алған Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің командасын құттықтаймыз! Мектеп оқушыларымен осы бағыттағы жұмысты жүйелі ұйымдастырып отырған  жетекшілерге алғыс білдіреміз!
Алгебра және анализ бастамалары пәнінен ашық сабақ
23
қараша
2023
Алгебра және анализ бастамалары пәнінен ашық сабақ
   Мектебіміздегі МИФ он күндігінің аясында 23.11.2023 ж күні  10 «А" сыныбының оқушылармен Алгебра және анализ бастамалары  пәнінен Жаханова Толкын Ануарбековна «Тригонометриялық теңдеулер және жүйелерін шешу әдістері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық жұмыстар арқылы тригонометриялық теңдеулерді тиімді әдістерді қолдану арқылы шешуді орындады.  Деңгейлік тапсырманың орындаудалуының дұрыстығын әр оқушы өздерінің смартфоны арқылы анықтады.
Математикадан ашық сабақ
23
қараша
2023
Математикадан ашық сабақ
   23.11.2023 жылы 6 "Г" сыныбымен математика пәнінен Карбек Азиза Әбілмансурқызы "Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар рационал сандарға амалдар қолданып, есептерді шығару дағдыларын жетілдірді. Сабақ барысында әртүрлі заманауи әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындау барысында өте белсенді қатысты.