27
қаңтар
2022
"Даналық бейсенбі" жобасы
Мектебімізде 9,10 - сынып оқушыларымен "Даналық бейсенбі" жобасы аясында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің бөлім меңгерушісі Ахметкалиева Галия Мубараковнамен "Мамандық - өмір таңдауы" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Галия Мубараковна оқушыларға мамандық таңдауда ең бірінші қабілетіне, бейімділігіне сол мамандық бойынша еңбек нарығында сұраныстың барына және ата-ана кеңесіне баса назар аударуды ұсынды. Қазіргі таңдаған мамандық- сіздің өмірлік бағытыңызды айқындайды. Оқушылар өздерін толғандырған мамандық бойынша сұрақтарын қойып, жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет деген сұраққа жауаптарын алып, Галия Мубараковнаға алғыстарын білдірді.



