01
тамыз
2022
МЕКТЕПКЕ ЖОЛ!
2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында "Балалар жылын" жүзеге асыру аясында "Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық" ұранымен "Мектепке жол"республикалық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Осыған орай, акцияға әлеуетті демеушілер мен мүдделі құрылымдарды ат салысуға шақырамыз!




