"ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ" АКЦИЯСЫ » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қараша
2021

"ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ" АКЦИЯСЫ

      Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы жалғасуда. «Қамқорлық» акциясы жыл сайын өтетін қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр. Басты мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруға мүмкіндігі болмай қалатын балаларды алдын ала анықтап, оларға жәрдем беру. Мектеп ұжымы әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНЫҢ оқушысын қыстық куртка, жылы аяқ киіммен қамтамасыз етіп, қайырымдылық көрсетті. Бір адам жаққан отқа, мың адам жылынады. Ел еңсесін биіктеткен осындай мейірлі істер жаңа көк жиектерге бастай берсін, ата-бабамыздан мұра болып қалған қайырымдылық пен жомарттық болашақта да өз қадірін жоймаса екен, балаға жасаған жақсылық-өзімізге жасаған жақсылық деп білейік ағайын! «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ»АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА ...