"Бірінші сыныпқа бірінші рет", "Бірінші сынып оқушыларына сыйлық". » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бірінші сыныпқа бірінші рет", "Бірінші сынып оқушыларына сыйлық".
31
тамыз
2021

"Бірінші сыныпқа бірінші рет", "Бірінші сынып оқушыларына сыйлық".

   "Бірінші сыныпқа бірінші рет", "Бірінші сынып оқушыларына сыйлық". Ұстаздар, ата-аналар, жеке кәсіпкерлер! Алдымызда жаңа оқу жылы келе жатыр. Сәйкесінше, оқушыларымызға оқу құралдары мен мектеп формасы қажет екенін білесіздер. Осы мәселені шешу үшін жыл сайын еліміздің барлық өңірінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.
   Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан акция аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған.
   Бұл тек жылына бір рет ұйымдастырылатын акция болғандықтан, Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы тапсырмасына сәйкес, осы акцияға жаңашылдық енгізілді.
     Бұдан былай, «Мектепке жол» акциясы екі ай ғана емес, жыл бойы іске асатын болады.