17
қаңтар
2025
«Мамандықтың сырлы әлемі» тақырыбында мамандықтар жәрмеңкесі
«Кім болам?»
Бұл сұрақ үлкен өмірге қадам бастағалы тұрған әр адамның көкейінде тұратыны сөзсіз.
Мамандық таңдау – жас түлек алдындағы маңызды мақсаттардың бірі.
Бүгін мектебімізде оқушыларға кәсіби бағдар беруде қаламыздағы жоғары оқу орындары, арнаулы оқу орындарымен бірлесе «Мамандықтың сырлы әлемі» тақырыбында мамандықтар жәрмеңкесі өткізілді.
Шараның мақсаты: Оқушыларға өз арманындағы мамандықты табуға көмек көрсету, еңбек нарығындағы сұраныстарға ие мамандықтар туралы ақпарат беру.
ЖОО келген тәжірибелі мамандар мен кеңесшілер өздерінің құнды кеңестерімен бөлісіп, білім ордалары туралы ақпараттар берді, үнпарақшалар таратты.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мемлекеттік грантын жеңіп алған мектебіміздің 11 сынып оқушысы Жүсіпбекова Ақботаға сертификат табысталды. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш, жемісті еңбектің нәтижесі.
Сонымен қатар бүгінгі ұйымдастырылған игілікті іске ұйытқы болған мектеп ұжымына оқу орындары алғыс білдірді.
Біз де өз тарапымыздан бізбен серіктесе жұмыс жасап жүрген қаламыздағы оқу орындарының ұжымдарына алғыс хат табыстап, алдағы уақытта да бірлескен жұмыс жалғасын табатынына сенім білдірдік.
Бұл жәрмеңке болашақ мамандықты таңдаудағы маңызды шара болды.