29
қазан
2021
Еңбек адамы
Қазанның 29 күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде 9,10 – сынып оқушыларымен «Еңбек адамы» тақырыбында ZOOM платформасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу мақсаты еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оқушыларға мамандықтар туралы түсінік беру, оларды маман иелерімен таныстыра отырып, кәсіптік бағдар беру. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.
Оқушылармен кездесуге А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының өлкетану секторының жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» Слямова Зиза Мұқтарханқызы қатысып жас буынға ерекше рухани азық берді.
Зиза Мұқтарханқызы кітапханашы мамандығының қызығы мен қиындығы туралы, кітаптың адам өмірінің азығы екендігі, жас оқырманға еліміздің, жеріміздің тарихы туралы кітаптарды оқу керектігіне тоқталды. Кездесу барысында оқушылар сұрақтар қойып, сонымен қатар кітапханада өткізілетін кездесулер мен жүргізілетін үйірмелер туралы ақпарат алды.