26
ақпан
2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған мектепішілік іс-шара
Жыр алыбы, ақын, қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған мектепішілік іс-шараның аясында 7«а», 7«б» сынып оқушыларына «Fascinating sounds» атты бейнеролигі көрсетілді. Аталмыш бейнероликті көрсетудің мақсаты – өскелең ұрпаққа Жамбыл ата жайында құнды мәліметтер, ақпараттарды олардың бойына дарыту, пәнаралық байланыстың маңыздылығын түсіндіру, оқу-білімге құштарлығын шыңдау болды.
Бейнероликті тамашаламас бұрын, оқушыларға Жамбыл Жабаев туралы қысқаша әрі негізгі мәліметтер берілді, соның арасында оқушыларға кері байланыс ретінде бірнеше сұрақтар қойылып, оқушылар тарапынан жақсы, ойға қонымды жауаптар алынып, сабақтан тыс әдемі әрі әсерлі, сондай-ақ танымдық сипаттағы қосымша дәріс болды.
Қорытындылай келе, оқушылар осы сабақтан не түйдім деген сұрақтың толық мазмұнын ашып, мейлінше шынайы әрі қанағаттанарлық кері байланыс орнатты.