«Эко Асар – игі істер марафоны» » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
наурыз
2021

«Эко Асар – игі істер марафоны»

     Қала көлемінде өткізілген «Экологиялық мәдениетті дамыту, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, қоршаған ортаны қорғау» тақырыбындағы онлайн сабаққа қатысқан Ахмет Байтұрсынов мектебінің 11- сынып оқушылары 18  наурыз «Игі істер» күні төменгі сынып оқушыларына тұрмыстық қалдықты сұрыптаудың маңыздылығын түсіндіріп «Эко Асар – игі істер марафонын»  өткізді. 
     Іс – шара барысында  балаларға экологиялық мәдениеттің негіздері,  тұрмыстық қалдықтарды қалай дұрыс сұрыптау керектігі түсіндіріліп өңдеуге жарамды қалдықтарды үйден сұрыптау, қоршаған ортаны ластамау  туралы бейнероликтер  көрсетілді.