«Қазақ даласының батыры» » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
сәуір
2021

«Қазақ даласының батыры»

      28 сәуір күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушылары ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасымен ZOOM платформасында «Қазақ даласының батыры» атты шараға ұйымдастырылды. Шара барысында кітапхана қызметкері Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, еліміздің ертеңі білімді де, жігерлі жастар екенін атап өтті.
      Аталмыш шарада балуан бабамыз жайлы айтылған қызықты мәліметтердің бірі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 1944 жылы 100 мың сомға ұшақ сатып алып, оны Амангелді Иманов атымен атауын өтінуі, ол кісінің Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі, жеңіс күнін жақындатуға деген арманы тыңдаушыларға ерекше жігер берді.
   Сонымен қатар балаларға Қажымұқан Мұңайтпасұлы  жайлы жазылған кітапхана қорындағы Қалмақан Әбдіқадыровтің «Қажымұқан»,  Мұрат Керейбайдың «Қажы Мұқан», Тұрсынзада Есімжановтың «Алыптар», Ғазизбек Тәшімбайдың «Қазақтың Қажымұқаны» кітаптары таныстырылып, оқуға ұсынылды. 
    Қара күш иесі, алып аталарымыздың өмірі мен өнері жайлы ақпарат алған балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Егемен еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ ер жүрек бабаларын мақтан тұтары қақ.

Похожие публикации:

13 желтоқсан 2018 Саятшылық
30 қазан 2018 ұлдар кеңесі