"Біз болашаққа жауаптымыз" экологиялық апталық » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сәуір
2021

"Біз болашаққа жауаптымыз" экологиялық апталық

Жарық сөнбесін!

Жарық – тіршілікке көрінбейтін, бірақ өзгеге бәрін көруге себепші. Қоршаған ортамызда түрліжарық көздері бар. Ал енді біз, адамзат жарықтың сөнбеуін қолға алуымыз қажет.

Біріншіден, жарық – қуаттың бір түрі екені бәрімізге мәлім. Яғни, оның арқасында біз айналамыздағы әлемімізді көре аламыз. Сол себепті бұл біздің өміріміздегі ең маңыздылардың бірі. Әрине, ешбір тірі жан жарық көзінсіз өмір сүре алмас. Жарық біздің өміріміздегі орын алатын құбылыс.

Екіншіден, жарықты үнемдеу бұл біздің міндетіміз. Жарық табиғат құбылысының бірі болып саналады. Осыған байланысты 28 наурыз күні адамзат тарихындағы ең маңызды акция «Жер сағаты» ұйымдастырылып өткізіліп жүр. «Жер сағаты» - Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының жаһандық акциясы. Бұл - табиғатты аялаудың, ғаламшарымыздың шектеулі ресурстарына деген қамқорлықтың символы. Негізгі идеясы түрлі елдердегі адамдардың климаттың өзгеруімен  күресу шаралары. Яғни, Қазақстан қалалары 1 сағатқа жарықты сөндіріп, бұл идеяға қолдау көрсете біледі. Сондай-ақ «Ұлттық ағаш отырғызу күні» аясында да акциялар ұйымдастырылады. Оның мақсаты - ормандарды қалпына келтіру, қалаларды көгалдандыру, Қазақстанның орман байлығын сақтап, көбейтудегі қоғам мүддесін дамыту, орманды қалпына келтіру жобаларына ресурстар тарту.

Үшіншіден, жарықсыз тіршілік жоқ екеніне көз жеткіздік. Өйткені бүкіл адамзаттың тіршілік көзі - жарық. Қазіргі таңда біздің әр күніміз жарық сәулелерімен нұрланады.  Сондықтан әр тірі жан «жарық сөнбесін» деген оймен жүру қажет деп ойлаймын.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы 

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің 

«А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»

 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 

10 «Б» сынып оқушысы Мадина Молдашева.